Қаланың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінің басынан бастап тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
7 ақпанда күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2 640 жол жұмысшысы және 1 600-ден астам арнайы техника шықты.7 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 3 066 рейспен 41 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 5,2 млн текше метрден астам қар 428 495 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Бүгін, 14:39
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы қар күреу жұмысына шықты
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз