Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Астана-күй қанатында»: елордада дәстүрлі қалалық домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді

«Астана-күй қанатында»: елордада дәстүрлі қалалық домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында 28-29 қарашасы күндері қазақтың күй өнерін дәріптеуге арналған дәстүрлі III қалалық «Астана – күй қанатында» атты домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль аты аңызға айналған күйші, ұлы Құрманғазының шәкірті, «ғасыр адамы» атанған Дина Нұрпейісованың есімімен аталады. Айтулы іс-шара «Күй анасы» республикалық қорының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаты – Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасын ұлықтау, ұлттық күй өнерін кеңінен насихаттау және дарынды жас домбырашыларды қолдау.

Байқау бағдарламасы: I тур 28 қарашада онлайн форматта өтеді; II тур 29 қарашада офлайн форматта, Астана қаласында өтеді.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Қатысушылар екі жас санаты бойынша сынға түседі: I топ – 14-18 жас; II топ – 19-35 жас.

Фестиваль барысында жас орындаушылардың өнер көрсетуімен қатар, қазылар алқасының кәсіби бағалауы мен шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен лауреаттар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, іс-шара соңында үздік қатысушылардың қатысуымен салтанатты гала-концерт өтеді.

Бұл концерт – күй өнерінің құдіретін сезінуге, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыруға арналған ерекше рухани кеш болмақ.

Айта кетейік, «Күй анасы» республикалық қоры мен Астана қаласы әкімдігі бұған дейін елордада Дина Нұрпейісова есімін ұлықтауға бағытталған көптеген мәдени жобаны жүзеге асырған. Олардың қатарында ескерткіш орнату, «Күйшілер аллеясын» абаттандыру, домбыра инсталляциясын орнату, әлеуметтік жобалар мен кітап басылымдарын шығару сынды бастамалар бар.

Бұл жиын елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі әрі қазақ күй өнерін жаңғырту жолындағы жарқын мереке болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті