Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жас отбасылар арасында өткен онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Астанада жас отбасылар арасында өткен онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің отбасымыз – біздің Қазақстан: Болашақты бірге құрамыз!» тақырыбында жас отбасылар арасында онлайн-байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасылық - демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясының қолдауымен өтті. Байқау шарты бойынша қатысушылар ұзақтығы 1 минутқа дейінгі креативті бейнеролик дайындап, өз отбасындағы бірлік, сыйластық және ұлттық құндылықтарды көрсетті. Жас отбасылар шығармашылық көзқарас танытып, өздерінің жылы лебіздері мен шабытты ойларын видеоформат арқылы жеткізді.Байқауға барлығы 30 өтінім түсіп, олардың ішінде лүпіл жинау нәтижесі бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Әрбір жеңімпаз отбасы 25 000 теңге көлемінде бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Бұл байқаудың басты мақсаты – жас отбасыларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Қатысқан барлық отбасыларға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табатынын атап өткім келеді. Жақында «Үздік жас отбасы» байқауы басталады. Елордамыздың барлық жас отбасыларын бақ сынауға шақырамыз», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Балжан Қолғанат.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті