Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы басталды

Елімізде алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы басталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Биылғы жылдың 11 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы «Ақындар айтысы» суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді. Байқау «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы» ашық сабақтары басталып кетті.

Бұл байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту,  балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Айта кету керек, «Ақындар айтысы» байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты