Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана күні қарсаңында бәйгеден «Елорда кубогы» турнирі өтеді

Астана күні қарсаңында бәйгеден «Елорда кубогы» турнирі өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Бәйге федерациясының ұйымдастыруымен 6 шілде күні, Астана күні мерекесі аясында бәйге түрлерінен «Елорда кубогы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аламан додаға еліміздің барлық өңірі мен қалаларынан келген таңдаулы жүйріктер қатысады. Сайыс Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында өтеді. Жалпы жүлде қоры — 24 200 000 теңге, жеңімпаздар маусым чемпиондарын анықтайтын ақтық сынға жолдама алады.Бәйге бес түрлі қашықтық бойынша ұйымдастырылады: құнан бәйге (9 шақырым); топ бәйге (15 шақырым); аламан бәйге (21 шақырым);  ұшқыр бәйге (5 шақырым); жорға жарыс (7 шақырым).Бәйге федерациясының президенті Қанат Көпбаевтың айтуынша, турнирдің басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттау, жастардың ат спортына қызығушылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның өңірлік этномәдени бастамалардың орталығы ретіндегі рөлін нығайту. Мерекелік шара аясында көрермендер үшін этно-ансамбльдер мен әртістердің өнері қамтылған мәдени бағдарлама да ұсынылады.Айта кетейік, турнирдің ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 13:00-де басталады. Кіру тегін. Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарына №303, №309 және №323 бағытындағы қалалық автобустар қатынайды.Қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы даланың дүбірін сезінуге, ұлттық спортты бірге дәріптеуге шақырамыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті