Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Ашық алаң» акциясы өтті

Астанада «Ашық алаң» акциясы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Республика күніне орай Дін істері жөніндегі басқармасы мен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Аружан» орталық алаңында «Бір отан, бір ел, бір республика» тақырыбындағы «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция барысында қатысушыларға ұлттық құндылықтар, дәстүр, тарих және діни сауаттылық тақырыптарында мағлұматтар беріліп, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «сұрақ – жауап» форматындағы ақпараттық сессия ұйымдастырылды.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының құрметті мүшесі, «Алқа» радиосының бас редакторы Серік Сейітман «еліміз егемендігін алғанына 35 жыл толды.

Мемлекетіміздің түкпір – түкпірінде айтулы мереке – 25 қазан Республика күнін атап өтіп жатыр. Елдігіміздің тұғыры шарықтай берсін! Сіздерді айтулы мерекемен құттықтаймын!» — деп ақжарма тілегін білдірді.Акция аясында елорда тұрғындарына 2 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Таратылған материалдарда сенімді дереккөздер, дін саласындағы заңнамалар, сондай-ақ тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі қамтылды.Іс-шара соңында сайыс жеңімпаздары мен белсенді еріктілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл акция қоғамда діни тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың діни сауатын арттыруға және ұлттық бірлікті дәріптеуге бағытталған маңызды бастама ретінде өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті