Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа Бюджет кодексіне ұлттық компаниялардан ел экономикасына дивидендтер төлеу мөлшері туралы норма енгізілді

Жаңа Бюджет кодексіне ұлттық компаниялардан ел экономикасына дивидендтер төлеу мөлшері туралы норма енгізілді
Фото: primeminister.kz

Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық компаниялардан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтерді қысқарту туралы қойған депутат сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық компаниялар өңірлерде ірі инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөліп жатқанын айтты. Ал бұл қаражаттардың жұмсалуының ашықтығына қатысты, бұл мәселе бүгінде қолданыстағы заңнамамен қамтамасыз етілгенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық компаниялар жұмсайтын, яғни экономикаға құйылатын қаражаттың ашықтығы туралы мәселе барлық жағынан заңнамамен қамтамасыз етілген деп ойлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл қабылданған жаңа Бюджет кодексіне дивиденд төлеуден алынатын үлес әрбір ұлттық компаниядан кемінде 50 және 70%-ға дейін болуы тиіс деген норма енгізілген. Бұрын бұл норма жоқ еді. Бұл шектік меже Үкіметтің қаулысымен белгіленді. Біз мұны ашықтыққа, есеп беруге, ұлттық компаниялардың қаражатын жұмсауға Парламент тарапынан қадағалауды арттыруға жасалған елеулі қадам деп санаймыз.

Ұлттық компаниялардың иелігінде қалатын қаражаттар да, заңда белгіленген рәсімдерге сәйкес, ашық түрде жұмсалады – сатып алу ережелері бар және бұл ақпарат Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке қоса беріледі. Мәжіліс депутаттары мен жұртшылықтың бұл ақпаратты зерделеуге, бақылауға, сауалдар қоюға және түзетулер енгізуге мүмкіндігі бар. Сіз айтып отырған нақты сомаларға келсек, шын мәнінде, бұл сома – мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтердегі айырмашылық, ол "Самұрық-Қазына" қоры есебінен қалыптасып отыр.

Мен бұл ретте бірқатар цифр келтіргім келеді. Қор, негізгі мемлекеттік даму институты ретінде, 53 трлн теңгеге бағаланатын өте ауқымды инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл үлкен сома. Әрине, Қор осы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын жұмсап қана қоймай, нарықтан да қарыз алуға мәжбүр, бұл қалыпты жағдай деп санаймыз.

"Самұрық-Қазына" қоры инвестициялық бағдарламадан бөлек еліміздің әр өңірінде бірқатар әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда.

Мысалы, өңірлерде тек денсаулық сақтау нысандарын салудың өзіне 550 млрд теңге бағытталып отыр, ал еліміздің барлық өңірінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 272 млрд теңге бөлінген.

Бұл дегеніміз – өте маңызды инвестициялар, сондықтан да мен айтқан факторларды ескере отырып, "Самұрық-Қазына" қорының дивидендтері бойынша қабылданған шешімдер бір негізге сүйенген және жан-жақты қарастырылған деп есептейміз», — деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті