Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында экономиканың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үкімет Президент қойған міндеттерді ескере отырып, жоспарлы жұмыс жүргізуде.

«Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр, орындайды да. Бұған ешқандай күмән жоқ. Жалпы экономикалық ахуал тұрақты. Бірақ сіз айтып өткен мәселелер жоқ емес. Ол өздеріңіз білетіндей, бір күнде пайда болған проблемалар емес. Бірнеше жылдар бойы қалыптасып жатқан мәселелер. Үкімет қазіргі таңда оның бәрін шешу үшін белсенді жұмыс атқарып жатыр.Осы жуырда ғана жаңа Салық кодексі қабылданды. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, конструктивті ортақ жұмыс үшін депутаттық корпусқа алғысымды білдіремін», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Үкімет Парламентпен бірлесіп, еліміздің фискалдық саясатын айқындайтын жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдады. Олар стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды, ақша-несие және салалық саясатты байланыстырады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарымен интеграцияны қамтамасыз етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті