Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Келесі үш жылда 190 индустриялық жоба іске қосылады

Олжас Бектенов: Келесі үш жылда 190 индустриялық жоба іске қосылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінде Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтуде. Онда 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің арасындағы осы жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы заңдардың жобалары қаралуда. Заң жобалары Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында Мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелеріне сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты. Солардың бірі – Берік Бейсанғалиев. Ол 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы, алдағы 3 жылда Үкімет экономиканы нығайта түсу үшін қандай нақты шараларды көздеп отырғанын сұрады. 

«Расында да бюджеттік жоспарлау кезінде біз консервативтік тәсілді қолданамыз. Соңғы 3 жылда экономикамыз тұрақты өсіп келе жатыр. 2023 жылы 5,1% болды. Былтыр 5% өстік. Биыл өсу қарқыны жоғары болып тұр. Жалпы әлемдегі ахуалды қарасақ, әлемдік экономиканың орташа өсімі – 3%. Біздің ірі көршілерімізді және бізге маңызды елдерді қарайтын болсақ, олардың экономикалары да баяулап жатыр. Сондықтан Үкімет тарапынан тұрақты, қарқынды экономикалық өсімді қамтамысыз ету үшін біз бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, «Бәйтерек» холдингі арқылы ауқымды бағдарлама іске қосылды. Оның жалпы мөлшері – 8 трлн теңге. Ол маңызды инфрақұрылымдық, индустриалды жобаларды іске қосуға бағытталады. Біздің қоржынымызда басқа да кешенді іс-шаралар бар. Оның бәрін қабылдап, тиісті даму қарқынын қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Биыл жалпы 190 индустриялық жоба іске қосылады. Олардың жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асады. Ал барлық саланы айтатын болсақ,  қазіргі таңда 1681 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалардың шеңберінде 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылады. Алайда, өсіммен қатар бізге макроэкономикалық тұрақтылық өте маңызды. Бірінші кезекте инфляцияны тежеу керек. Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейі 12,9%-ды құрады. Ол біздің пікірімізше тым жоғары көрсеткіш. Оны төмендету керек және осы бағытта біз Ұлттық банкпен ілесіп, тиісті шаралар жоспарын дайындап жатырмыз. Ол дайын болған кезде оны жақын арада халыққа жариялаймыз. Осы барлық факторды есепке ала отырып, біздің пікірімізше, жоспарланған даму қарқынының көрсеткіштері дұрыс теңгерімде деп санаймыз», — деп жауап берді Премьер-министр Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті