Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Жедел медициналық жәрдемнің жаңа автокөліктері табысталды

Алматыда Жедел медициналық жәрдемнің жаңа автокөліктері табысталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем қызметіне 50 жаңа арнайы автокөлікті тапсыру рәсімі өтті. Көліктердің кілтін қала әкімі Дархан Сатыбалды табыстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автопарк құрамына С класты 12 реанимобиль және В класты 38 автокөлік кірді. Барлық көліктер заманауи медициналық құрылғылармен толық жабдықталған және халықаралық талапқа толық сай келеді. Жоба мемлекет қолдауымен жүзеге асты.

Қала басшысы автопарктің жаңаруы Алматыдағы денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау аясындағы маңызды қадам екенін атап өтіп, бұл шара шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Алматы – еліміздегі ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Мұнда тұрғындарға уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету ерекше маңызды. Заманауи жабдықталған жаңа автокөліктер дәрігерлер мен жүргізушілерге сенімді көмекші болады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында күн сайын мыңдаған адамның өмірі құтқарылады. Біз сіздердің кәсібиліктеріңізді және халыққа адал қызметтеріңізді жоғары бағалаймыз», – деді Дархан Сатыбалды.

Бүгінде Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі 14 бекет пен 188 шұғыл қызмет бригадасынан тұрады. Диспетчерлік орталық тәулігіне шамамен 3 мың қоңырау қабылдайды, ал бригадалар күніне 2600-ге жуық шақыртуға шығады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады