Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Саялы шағын ауданындағы амбулатория құрылысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды Саялы шағын ауданындағы амбулатория құрылысын жеделдетуді тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Алатау ауданы Саялы шағын ауданында салынып жатқан амбулаторияға барып, нысанды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қала басшысы амбулаторияны пайдалануға беруді жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалды медициналық мекеме қысқа мерзім ішінде пайдалануға беріліп, құрылыс сапасы да, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін де заманауи талаптарға толық сай болуы керек екенін атады. Атап айтқанда, ол амбулаторияны маммограф, УДЗ және рентген аппараты сынды диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Бұл халық санының өсуі мен профилактикалық қызметке сұраныстың артуына байланысты маңызды.

Сонымен қатар, әкім жекеменшік сектор өкілдерінің және инвесторлардың денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға қатысу үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл қолжетімділікті арттырумен қатар, бәсекелестік пен заманауи тәсілдерді енгізу арқылы медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңа амбулаторияның ашылуы қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданының басты мәселелерінің бірі – медициналық алғашқы көмектің қолжетімділігін шешуге бағытталған. Қазір ауданда 327 мыңнан астам адам тұрады, бұл көрсеткіш тұрғын үй құрылысының қарқыны мен табиғи өсімнің есебінен артып келеді. Әсіресе, медициналық инфрақұрылымның жетіспеушілігі Саялы, Саялы-2 және Боралдай шағын ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде қатты сезіледі.

Бүгінде осы аудандардағы 15 мыңнан астам тұрғын 5-10 шақырым қашықтықта орналасқан қаладағы №22 және №29 емханаларға тіркелген. Бұл мекемелер қазірдің өзінде жобалық қуатынан артық жұмыс істеп жатыр.

Жаңа амбулаторияның құрылысы 70%-ға аяқталған. Нысан бір ауысымда 200 адам қабылдай алады. Қазір ғимараттың қасбеті мен ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, инженерлік жүйелер тартылған, медициналық жабдықтар сатып алынып жатыр. Амбулаторияның іске қосылуы қолданыстағы емханаларға түсетін жүктемені азайтып, медициналық көмектің тұрғындарға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Жоба аясында учаскелік дәрігерлерге, педиатрларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін мамандарға жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Ауданда туу көрсеткіші жоғары және халықтың санаты жас болғандықтан, ана мен баланы қорғау да басым бағыттардың бірі болмақ.

Саялыдағы амбулаторияның құрылысы – Алатау ауданындағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Бұл медициналық-санитарлық алғашқы көмекті нығайту және аумақтық кедергілерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Қазіргі уақытта ауданда бес мемлекеттік емхана жұмыс істейді: №14, 22, 23, 25 және 29. Сонымен қатар, ТМККК мен МӘМС аясында қызмет көрсететін төрт жеке медициналық ұйым бар. Бұған қоса, бір МСАК орталығы мен бес дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Сондай-ақ, аудан аумағында 147 орындық модульді стационарда орналасқан қалалық патологоанатомиялық бюро мен Балалар инфекциялық ауруханасының филиалы жұмыс істейді. Бұл мекеме Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарынан келетін балаларды өткір жұқпалы аурулар бойынша қабылдайды.

Саялыдағы амбулатория құрылысының барысы қала басшылығының тұрақты бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі