Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда отандық карбамид өндіру жобасының ғылыми верификациясы басталды

Қазақстанда отандық карбамид өндіру жобасының ғылыми верификациясы басталды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

KMG PetroChem компаниясы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, елімізде карбамид өндіру жобасының ғылыми верификациясын бастады. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – отандық тыңайтқыштың тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және аграрлық сектордың өнімділігін арттыру, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылы төрт өңірде 600 гектар алқапта карбамидтің далалық сынақтары басталды. Алынған деректер ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған практикалық ұсынымдар әзірлеудің негізіне айналады.

Жоба шеңберінде Ақтөбе облысында қуаттылығы жылына 880 мың тонна карбамид өндіретін газ-химия кешенін салу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 2000 уақытша жұмыс орнын, ал пайдалану кезінде 400 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанды отандық тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті күшейтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті