Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 29 алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Астанада 29 алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада 29 алаяқтық қылмыс жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері фаст-фуд желілерінің бірінде орын алған алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам тамақтану орнына келіп, өзін тұрақты клиент ретінде таныстырған. Ол касса менеджерінен 80 мың теңге көлеміндегі ұсақ ақшаны ірі купюраларға айырбастауды сұраған. Қызметкердің сеніміне кірген күдікті ақшаның бір бөлігін айырбастап алғаннан кейін, қалған соманы қайтармай, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Маңыздысы – тергеу барысында оның осындай сипаттағы тағы 29 алаяқтық қылмысқа қатысы бары анықталды. Бұл фактілер бойынша да тексеру жұмыстары жалғасуда. Астана қаласы полиция департаменті кәсіп иелері мен сауда орындарының қызметкерлеріне, әсіресе кассирлер мен сатушыларға сақтық шараларын күшейтуді ескертеді. Қолма-қол ақша айырбастау кезінде бейтаныс адамдарға сенім білдірмеу және барлық операцияларды мұқият қадағалау қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті