Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын елден шығарды

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын елден шығарды

СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын елден шығарды,– деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында  "Заңсыз келуші-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде 120 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал 9-ы жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарды тексеріп жатыр. Қазан айының басында Солтүстік Қазақстан облысының шекара маңындағы Уәлиханов ауданының тұрғыны далада кездестірген күдікті шетелдіктер туралы полицияға хабарлаған. Араб тілінде сөйлескен екі жас жігіт телефондағы аудармашы арқылы бірнеше күн бойы жаяу жүріп, жұмыс іздеп Ресейге жетпек болғандарын және шекараны қай жерден кесіп өткен ыңғайлы екенін сұраған.

Ауыл тұрғыны дереу көші-қон қызметіне хабарлаған. Полицейлер ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп, шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады.  Бұған дейін, қыркүйек айының ортасында, олар Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотының шешімімен мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін елден шығарылған. Оларға елден өз еркімен кету міндеттелген, алайда бұл талап орындалмаған. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін полицейлер құқық бұзушыларды облыс орталығына жеткізіп, оларды елден шығарды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті