Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

121 шетелдік азамат елден шығарылды

121 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Республика аумағында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.

– елде болу ережелерін бұзғаны үшін 4475 шетелдік;

– заңсыз жұмыс істегені үшін 2118 шетелдік;

– 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін;

– 2624 жеке және заңды тұлға өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Барлық депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қалайтын азаматтардың арқасында полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, Алматыда жеке жатақхана иесі жатақханада тұратын күдікті адамдар туралы көші-қон қызметіне арызданған. Тексеру барысында 30 шетелдіктің келу мерзімін бұзғаны анықталды.

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді