Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

37 заңсыз мигрант Отанына қайтарылды. Мәселе, Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы болып отыр. Полиция қызметкерлері оларды “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады. 

– Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 2 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 89 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды, - дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады