Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталды

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

35 жастағы қала тұрғыны полицияға белгісіз адам оның Volkswagen T4 көлігін айдап кеткені туралы арызданған. Хабар түскен бетте полицейлер жедел әрекет етіп, ұрланған көлікті тұрғын үй аулаларының бірінен тапты. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрады. Оқиға бойынша бағыттама бірден Қарағанды облысындағы барлық патрульдік полиция экипажына жолданды. Іздестіру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған көлікті қала маңындағы автожолдан байқаған. Полицейлер көлікті қауіпсіз тоқтату шараларын қабылдады.

Көлікті 43 жастағы Қарағанды тұрғыны тізгіндеген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан алкоголь иісін сезген. Медициналық сараптама нәтижесі жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде болғанын анықтады. Қазіргі уақытта автокөлікті айдап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді