Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленіп, үш қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Алматыда жарты тоннадан астам есірткі тәркіленіп, үш қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленіп, үш қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес – полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы жариялаған "Заң мен тәртіп" қағидаты және профилактика жылы аясында жүргізілуде.

- Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтардың, әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, қоғамды есірткі қауіпінен қорғау. Биылғы жылдың тоғыз айында Алматы қаласы полициясының бөлімшелері 500-ден астам есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 525 келіден астам есірткі заты, оның ішінде 52 келі синтетикалық және 3 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 255 миллион теңгеден астам ақша мен мүлік мемлекет кірісіне өткізілді, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов. 

Сонымен қатар екі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, есірткіні өткізу және таратуға қатысы бар 3 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Полиция қызметкерлері қазіргі заманғы цифрлық технологияларды белсенді қолдануда. Ұлттық банк және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде биыл заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 1,5 мың отандық және 5 мыңнан астам шетелдік банк картасы, сондай-ақ 312 криптоәмиян анықталып, бұғатталды. 68 миллион теңге сомасындағы күдікті банк операцияларының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ есірткі таратуға пайдаланылған 2200 интернет-ресурс бұғатталды, олардың 27-сі – тelegram-арна. Білім беру ұйымдары, жастар бірлестіктері және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 700-ден астам кездесу, науқан және түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Қала көшелерінде есірткі жарнамасы бар граффитилер күн сайын боялып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде, жедел желі мен анонимді чаттар тұрақты түрде жұмыс істейді. 

- Алайда ерекше атап өткім келеді: есірткіге қарсы күрес – тек полицияның қолында емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ата-аналардан бастап, педагогтар, БАҚ өкілдері мен бизнес қауымдастығына дейін. Тек бірлесіп, белсенді азаматтық ұстаныммен біз есірткі қауіпіне қарсы тиімді тосқауыл қоя аламыз. Полиция осы бағыттағы жүйелі жұмысын жалғастыра береді, басты басымдық – жазалау емес, алдын алу мен түсіндіру жұмыстары, – деді, Қуатбек Науатов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті