Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша 5 айдың қорытындысын жариялады

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша 5 айдың қорытындысын жариялады
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың бес айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленіп, олардың қоғамда таралуына жол берілмеді. 95 есірткі зертханасы әшкереленді. 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды. Осылайша азаматтар мен экономикаға 1 млрд 230 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілмеді. Соңғы айдың өзінде еліміздің бірнеше өңірінде бірқатар есірткі қылмысы анықталды: - Жамбыл облысында 21 келіден астам гашиш тәркіленді; - Алматыда 24 келі марихуана тәркіленген есірткі зертханасы жойылды; - Маңғыстау облысында 2,5 келі апиын тәркіленді; - Алматы облысында 190 келі а-PvP синтетикалық есірткісі және 8 тонна химиялық прекурсор табылды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторларына қамалды. ІІМ-нің осы бағыттағы жұмысы жалғасуда. Негізгі мақсат — есірткіні анықтау ғана емес, оның таралуын болдырмау, азаматтарды есірткі қауіпінен қорғау және қоғамда заң мен тәртіптің тұрақты идеологиясын қалыптастыру.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады