Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық оқушы болашақ мектебінің үлгісін ұсынды

Астаналық оқушы болашақ мектебінің үлгісін ұсынды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласындағы №29 мектептің 9-сынып оқушысы Ақбота Базарбай болашақтың жасыл әрі экологиялық қауіпсіз мектеп атты жобасын таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқушының жобасы тек дизайнмен ғана емес, экологиялық және функционалдық шешімдерімен де назар аударады. Ақбота Базарбай ұсынған мектеп үш қабатты әйнек қабырғалардан тұратын оқу корпусы түрінде жобаланған. Бұл құрылым күн энергиясымен толық қамтылып, табиғи жарықтың бөлмелерге молынан түсуін қамтамасыз етеді.Жобаның басты ерекшелігі табиғатпен үйлесімділік.

Оқушылар тек білім алып қана қоймай, айналасындағы табиғатты еркін бақылауға, ашық кеңістікте тыныстап, таза ауада үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік алады.Ақбота тек мектеп ғимаратын ғана емес, оның айналасын да мұқият ойластырған. Макетте ағаштар, су бұрқақтары, сонымен қатар жыл бойы жұмыс істейтін жасыл футбол алаңы да қарастырылған. Бұл балалардың денсаулығын нығайтуға, белсенді демалуға және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайды.Жобаның тағы бір маңызды қыры қолданылған материалдардың қайталама тұрмыстық қалдықтардан жасалуы. Осы арқылы Ақбота қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен қайта өңдеудің маңызын көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады