Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астананың 20 білім ошағындағы жылыжайда жемістер мен көкөністер өсіріледі

«Таза Қазақстан»: Астананың 20 білім ошағындағы жылыжайда жемістер мен көкөністер өсіріледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап келе жатқан лимон ағашы жемісін берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лимон ағашымен қатар жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз да өсіріліп жатыр. Жоба жетекшілері оқушылармен бірге бос уақыттарын пайдалана отырып, өсімдіктерге күтім жасайды. Б. Өтемұратов қорының қолдауымен жылыжай ашылған.Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген маңызды іс-шаралар жүргізілуде. 1-11 сынып оқушылары жасыл экология мәселелеріне белсенді қатысып, табиғатты сақтап, оны қорғау үшін түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда.Оқушылардың қатысуымен өткізілген іс-шаралар: «Таза аула», «Жасыл Қазақстан» және «Жерімізді сақтайық» сияқты Табиғатты қорғау экологиялық акциялар аясында оқушылар мектеп ауласында ағаш отырғызып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарын жүргізеді.Табиғатқа саяхат бойынша оқушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйреніп, экологиялық тақырыптарға арналған экскурсияларға қатысады.Жасыл жобалар мен стартаптар бойынша оқушылар мектеп ішінде және сыртында экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шығармашылық жұмыстар мен жобалар әзірлейді.

Экологиялық білім беру сабақтары негізінде мектепте экологияны түсіндіруге арналған арнайы сабақтар, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Бұл сабақтар оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын және экологиялық өмір салтының қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.Қаладағы жиырма меткепте қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мақсатында жаңа қоқыс жәшіктері қойылды. Олар мектептің әр қабатында және әртүрлі орындарда орналасқан. Қоқыс жәшіктері органикалық және қайта өңделетін материалдарды бөлек жинауға арналған. Барлық оқушы мен қызметкерден осы жаңа жүйеге жауапкершілікпен қарап, қоқыстарды дұрыс орналастырады.Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ояту. Мектептердегі экологиялық жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар табиғатқа деген құрметті арттырып, жасыл экономика мен тұрақты даму принциптерін меңгеруде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді