Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп ұстаздары мен оқушылардың бастамасымен экологиялық бақ ашылды

«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп ұстаздары мен оқушылардың бастамасымен экологиялық бақ ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектептердің бірінде оқушылар мен ұстаздардың бастамасымен ерекше жоба жүзеге асты. Олардың қолға алуымен мектеп жанынан экологиялық бақ ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

№8 мектеп-лицейінің ауласында «ЖасЛандшафт» атты ландшафтық бақ ашылып, оқушылар үшін табиғатты тану мен жаңартылатын энергияны игерудің тәжірибелік алаңына айналды.«ЖасЛандшафт» жобасының авторы – мектептің математика пәні мұғалімі Гүлшат Әбуова. Жасыл бастаманы мектеп ұжымы мен оқушылар бірауыздан қолдап, нәтижесінде экологиялық және эстетикалық мәнге ие ерекше бақша салынды.

«Жобадағы мақсатымыз – балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мектеп ауласын жаңаша, мәнді түрде көгалдандыру», – дейді жоба жетекшісі.

Ландшафттық бақ құрамында мынандай ерекше орындар бар:

• Түрлі гүлзарлар мен шөпті аймақтар;

• Табиғи тастардан жасалған шағын архитектуралық формалар;

• Демалыс орындары;

• Көкөніс және шөптесін өсімдіктер егілген тәжірибе аймағы;

• Компост жасау алаңы;

• Күн энергиясымен жұмыс істейтін шағын фонтан бар.

Жақында 8-сынып оқушысы өсімдіктің жапырағының өзгерісін байқап, оның себебін анықтау үшін шағын зерттеу жүргізген. Бұл оқушылардың сыни ойлау, жауапкершілік, бақылау дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.Жобаға мектеп мұғалімдерімен қатар, оқушылар мен «Жасыл ел» бағдарламасының жас еріктілері де белсене қатысқан. Олар бірге жоспар жасап, бақшаны абаттандырып, су жүйесін орнатып, ландшафттық композициялар әзірледі.Жоба «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының мақсатымен үйлесіп, елдегі экологиялық тәрбие берудің озық үлгісіне айналып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті