Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!» - №8 мектеп-лицейінде экологиялық бақ ашылды

«ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!»  - №8 мектеп-лицейінде экологиялық бақ ашылды

Астана қаласының №8 мектеп-лицей аумағында орналасқан «ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!» атты экологиялық-шығармашылық ландшафттық бақтың ашылуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталған жоба «Жасыл әлем» жазғы лагері мен «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, 14-16 жас аралығындағы оқушылардың бір ай бойы еңбегінің нәтижесі болды.

Іс-шараға мектеп ұстаздары, оқушыларымен қатар №6 сайлау округі бойынша мәслихат депутаты Разбекова Ләззат Мұратқызы, Астана қаласының Әдістемелік орталығының маманы Жұмажанова Нұржамал Аманкелдіқызы және ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитет төрағасының көмекшісі Батырхан Ерназ Әбдібайұлы арнайы қатысты. Қонақтар оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын, шығармашылық қабілетін жоғары бағалап, мұндай жобалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бақтың жобасы ерекше мәнге ие – оның жалпы көрінісі күннің шуағын бейнелейді. Композицияның дәл жүрегінде күн энергиясымен жұмыс істейтін фонтан орналасқан, ол табиғатпен үйлесімді өмір сүру мен баламалы энергия көздерін қолданудың нышанына айналды. Ал күн сәулесі тәрізді тарамдардың шеткі бөліктерінде оқушылар мен ұстаздар пайдалы шөптер мен көкөніс дақылдарын еккен.

Мен — «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген мектеп оқушысымын. Бүгін сіздерге біздің мақтанышымызға айналған ерекше жобамыз — «ЖасЛандшафт» бағы туралы айтып бергім келеді. Бұл бақ — жай ғана жер емес. Бұл — біздің қолымызбен жасалып жатқан еңбек пен шығармашылықтың шынайы нәтижесі. Біз мектеп жанындағы бос жатқан аумақты көркейтіп, оны табиғатпен үндескен, пайдалы әрі көркем аймаққа айналдыруды мақсат еттік. Жұмыс барысында бізге 10 тонна құнарлы қара топырақ қажет болды, топырақты шектеп, бөлшектеу үшін рейка ағаштарын пайдаландық, - дейді Сейлхан Ерали, 9 “г” сынып оқушысы. 


Бұл бақ – тек табиғи өнім ғана емес, ол – жас ұрпақтың еңбегімен, шығармашылықпен жасалған болашаққа бағытталған жоба. Біз бұл жерді күнде күтіп-баптаймыз: суарамыз, қопсытамыз, арамшөптен тазартамыз. «ЖасЛандшафт» – бұл мен үшін жай бақ емес, бұл — табиғатпен диалог, еңбектің қуанышы, өз қолыңмен келешекке қалдырған із. Жасыл болашақ — өз қолымызда екенін сезінгенде, әрбір отырғызған гүл мен көшет жүрекке ерекше қуаныш сыйлайды, - дейді Ордабай Айша, 11-сынып оқушысы.

Жас экологтар мектеп ауласын көгалдандырып, арам шөптермен экологиялық әдістер арқылы күресті. Сондай-ақ, табиғи тастар мен ағаш элементтерін пайдаланып, ландшафттық дизайн жобаларын іске асырды. Игі бастама тек аула  көркін арттыру ғана емес, балалардың табиғатқа деген жанашырлығын, шығармашылық қабілеті мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Жобаның ұйымдастырушылары мен қатысушылары бұл бақтың келешекте қаладағы экобілім беру ісінің үлгісіне айналатынына сенімді. Ал оқушылар үшін бұл – табиғатпен үндестік табудың және нақты нәтиже арқылы өз еңбегінің құндылығын сезінудің жарқын мүмкіндігі. «ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!»  - жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін арттыру жолындағы маңызды қадам. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті