Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді

Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «JARYQ AQ-JOL» ЖШС, «Астана орманы» ЖШС, «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК және Ақмола облысы орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына 325 жетісу қырғауылын ұшырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға сонымен қатар Астана мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«Бұл құстардың екінші партиясы екенін айта кеткен жөн. Бірінші партияда 850 бас құс биылғы сәуір айында ұшырылған болатын. Жыл сайын елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына шамамен 1 500 дана қырғауыл ұшырылады. Бұл қырғауылдардың мекендеу аясын кеңейтуге, жаңа аумақтарды қоныстандыру арқылы жасанды орман алқабындағы зиянкестерге қарсы биологиялық күрес жүргізуге ықпал етеді. Яғни қырғауылдарды жасанды орманға ұшыру ондағы зиянды жәндіктердің санын азайтуға септігін тигізеді», – деді Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көгалдандыру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Сағыныш Сағынтаев.Оның айтуынша, елорданың жасыл белдеу аймағындағы жасыл желек, қамыс бұталар, жайылымдар және дәнді дақылдардың агроценозы қырғауылдардың тіршілік етуіне қолайлы.«Қырғауылдар аязға төзімді, оларға ерекше күтім қажет емес, тек қыста азықтандыру қажет. Қырғауылдардың қорегі негізінен өсімдік, жидектер, тамырлар. Сонымен қатар бұл құстар жәндіктермен де қоректенеді. Қырғауылдар елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан «фазанарийде» өсіріледі. Құстарға үнемі бақылау жасалып, қадағалау жүргізіледі», – деді Сағыныш Сағынтаев.

10 қазан күні жасыл белдеуге тағы 325 Жетісу қырғауылы ұшырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады