Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Елбасы елорданың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, қала айналасындағы орманды алқаптың даму барысымен танысты, жылдағы дәстүр бойынша табиғи ортаға қырғауыл ұшыру шарасына қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «жасыл белдеу» осы жылдары жайлы климат қалыптастыруға және қала экологиясын жақсартуға айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

– Алғаш егілген ағаштар қазір 20 метрге жетіп, қалың орманға айналды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі байып жатыр. Осы орманның арқасында жайлы климат қалыптасып, экология жақсарып келеді. Мен «жасыл белдеуді» дамытуға атсалысып жүрген адамдарға  ризашылығымды білдіремін. Олардың еңбегі жоғары марапатқа лайық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елорданы көгалдандыру жұмысына Түркия, Қытай, Венгрия және басқа да елдерден ғалымдар мен мамандар шақырылғанын айтты. Сондай-ақ қала ішіндегі саябақ аймақтарын дамыту жұмысына да тоқталды.

– Осы жылдары атқарылған шаруа жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Мұнда велосипед жолдары салынды, бос уақытта демалуға қажет дүниенің бәрі бар. Тұрғындар жидек пен саңырауқұлақ тереді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы елорданың «жасыл белдеуіне» ұлттық саябақ мәртебесін беруді, өкілетті органдарға қала маңындағы жерлерге тексеріс жүргізуді ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту барысын қайта қарап, шаһар аумағындағы бос жатқан жерлерде ішінара құрылыс жүргізуге көшу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоршаған ортаны аялаудың және баршаға ортақ байлықты келешек ұрпақ үшін сақтаудың маңызды екенін атап өтті.

–  Табиғатты аялап, тазалық сақтау қажет. Ағаштарды өрттен қорғап, жойылып кетуіне жол бермеу керек. Мұның бәрі өзіміздің балаларымыз үшін, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатыр. Олар осындай керемет сый қалдырғанымыз үшін бізді мақтан тұтатын болады. Туған жерге деген махаббат – қазақстандық патриотизмнің маңызды бөлігі. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызу туралы бастамасын қолдаймын. Бұл маңызды әрі жауапты іс. Сол арқылы біз елімізді көгалдандырамыз. Жасыл желек экологияны жақсартады және халықтың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай туғызады, – деді Елбасы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді