Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы көркейіп келеді: ХҚБ жобасы негізінде Торайғыров көшесі түрлене түсті

Алматы көркейіп келеді: ХҚБ жобасы негізінде Торайғыров көшесі түрлене түсті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданы Саин мен Кекілбаев көшелерінің арасындағы Торайғыров көшесі бойындағы жүргіншілер аймағын қайта құру аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы және тұрғындардың бастамасымен бұл аймақ серуендейтін, демалатын қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын иесіз бос жатқан аймақ бүгінде танымастай өзгерді. Жергілікті тұрғын Айман Бекбергенова шөбі қураған, жарығы жоқ аймақты абаттандыру жөнінде бастама көтерді. Оның бұл идеясын көршілері қолдап, соңынан ХҚБ жобасы бойынша көп дауыс жиналды. Соның нәтижесінде жоба қаржыландырылып, аудан әкімдігімен бірлесіп аймақ абаттандырылып, халық демалатын қоғамдық кеңістікке айналды.

Бүгінде Торайғыров көшесі – абаттандырылған қоғамдық кеңістік, оның жалпы алаңы 4,2 гектардан асады. Мұнда тактильді тақтасы бар кең тротуарлар, веложолдар, ағаш перголалары бар демалыс аймақтары, воркаут және балалар ойын алаңдары пайда болды. Қоғамдық кеңістік қауіпсіз және жайлы. 200 жарық шамы, 12 бейнебақылау камерасы орнатылып, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. 500 ағаш пен 1500-ге жуық бұта отырғызылған. Жасыл желек көз тартады.

Аудан тұрғындары бұл өзгерістерге риза. «Мен басқа ауданда тұрамын, бірақ осы аймаққа жақын жерде жұмыс істеймін. Түскі үзілісте осында келіп, серуендеймін. Маған өте ұнайды», - деді алматылық Жансая Әмзе.

«Бұрын жаңбыр суы тротуардан асып, дүкенге дейін ағатын еді. Аймақта жоба негізінде біраз жұмыстар жүргізілгелі бері айнала танымастай өзгерді. Жастар мұнда фотосессия ұйымдастырады, біз ризамыз», - деді жергілікті тұрғын, дүкен сатушысы Жанна Жақиянова.


«Кешке қарай алаңға келушілер көп болады, отбасылар балаларымен келеді, зейнеткерлер орындыққа отырып демалады, ал жастар таза ауада серуендеп, жаттығу жасайды. Жаңа қоғамдық кеңістік көпшілік жиналатын ортаға айналды», - деді жергілікті тұрғын Галина Жангелдина.

Қазіргі кезде қоғамдық кеңістіктің айналасы абттандырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін мұнда спорт алаңын, экоаймақ және гүлдер аллеясын ашу жоспарланып отыр.

Торайғыров көшесінің жаңа кейпі - қала тұрғындарының «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсенді қатысуының айқын дәлелі. Бұл жоба Алматыны көркейтумен қатар, қала тұрғындарының шаһарға деген сүйіспеншілігін де арттырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті