Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Sholpan City» тұрғындары өз өтініштерінің шешілуіне орай қала әкіміне алғыс білдірді

«Sholpan City» тұрғындары өз өтініштерінің шешілуіне орай қала әкіміне алғыс білдірді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Sholpan City» тұрғын үй кешенінде заңды түрде сайланған ПИК төрағасының өкілеттігі қалпына келтірілді. Мұндай шешім тұрғындардың қала әкімдігіне ұжымдық өтінішінен кейін қабылданды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен кешенде тексеру жүргізіліп, жағдай толық зерделенді. Нәтижесінде жаңа төрағаны сайлау рәсімі заңды деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес жыл бұрын пайдалануға берілген кешен тұрғындары соңғы уақытта бірқатар қиындықтарға тап болған. Олардың арасында жерасты автотұрағының мақсатсыз пайдаланылуы, даулы нысандар және меншік иелері бірлестігі ішіндегі келіспеушіліктер бар.

«Кейбір жалға алушылар тіпті паркингтің ішінде бөлмелер жасап алған — кір жуады, тамақ пісіреді, сол жерде тұрады. Мұндай жағдай қалыпты деп саналмайды», — дейді тұрғын Раушан Әбілова.

Мәселені күрделендірген тағы бір жайт — бұрынғы төрағаның өкілеттікті заңсыз түрде қайта иеленуі.

«19 қыркүйекте ол eGov порталы арқылы өзін қайта тіркеп, өзін төраға ретінде таныстырып, хабарландырулар іле бастады», — дейді жаңа сайланған төрайым Арайлым Алмағамбетова.

Қалалық қызметтердің араласуынан кейін жағдай ретке келтірілді.
Тұрғындар қала әкімінің жеке бақылауы мен қолдауын атап өтті:

«Дархан Амангельдіұлына бізді тыңдап, мәселені шешуге көмектескені үшін алғыс айтамыз. Енді өзге мәселелер бойынша да оң өзгерістер болады деп сенеміз», — деді олар.

Қазір кешенде жер пайдалану, коммуналдық төлемдер мен аумақты күтіп-ұстауға қатысты мәселелерді реттеу жалғасуда. Барлық үдерістер қала басшылығының тұрақты бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті