Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Dragon City» тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесу өтті

«Dragon City» тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесу өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы «Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Негізгі түйткіл жерасты автотұрағының заңсыз қайта сатылуына, қазандықтың жиі істен шығуы мен трансформатор бекетінің жерасты үй-жайына орналастырылуына қатысты болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Әкім мұндай шешімді кім қабылдағанын және құжатқа кім қол қойғанын анықтауды тапсырды. Прокуратура және тиісті қызметтермен бірлесіп әрекет ету алгоритмі әзірленеді. Қажет болған жағдайда қауіптің алдын алу үшін трансформатор бекеті басқа жерге көшіріледі. Алдағы қысқы маусымда қазандықты арнайы мекеме қарамағына алып, халықты жылусыз қалдырмауға күш салады. Келер жылы қазандықты жаңғыртуға бюджеттен қаржы қарастырылмақ. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аудан көшелерінде жол белгілері мен жасанды кедергілер орнатылып, бейнебақылау камералары қойылады. «Халық қатысатын бюджет» аясында балалардың ойын алаңын салу мәселесі де назарға алынады, - делінген хабарда.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті