Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстады
Фото: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке тінту барысында ұсталған адамнан ұнтақ түріндегі зат табылып, тәркіленді. Күдіктінің телефонын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды жасырған орындардың фотосуреттері анықталды. Полицейлер есірткі жасырылған бірнеше орынды тапты. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

- Қазіргі таңда біз жастардың жылдам пайда табу мақсатында теріс жолға түсіп жатқанын анықтап отырмыз. Біздің қызметкерлер мұндай бетбелгі қоюшыларды күн сайын анықтап, олардың әрекетінің жолын кесуде. Есірткі таратудың кез келген түрі – тіпті делдал ретінде қатысу да – ауыр қылмыс. Ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті