Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласында синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен 21 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, ол бірқатар көлеңкелі интернет-дүкендердің қоймашысы болған. Жүргізілген тінту шаралары кезінде күдіктіден 200 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар түйіншектер табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер ұсталған ер адамның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

– Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі таңдалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті