Қала әкімі басқарма басшыларымен және ведомствоға қарасты ұйым жетекшілерімен қаланы абаттандырудың қарқыны, қазу жұмыстарынан кейінгі аумақтарды қалпына келтіру және жылыту маусымына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Сатыбалды «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су» және «Алматы жылу жүйесі» мекемелерінің қазу жұмыстарынан кейінгі учаскелерде жөндеу жұмыстарын жедел аяқтауды тапсырды. Бұл нысандар суық түскенге дейін тұрақты бақылауда болуға тиіс. Әсіресе, жылыту маусымына дайындыққа, инженерлік желілердің жағдайына және аулалар мен көшелерді абаттандыруға ерекше мән берілді. Басқарма басшыларына анықталған барлық мәселелерді дер кезінде жою жүктелд.«Бұл жұмыстың орындалу барысын бақылауыма аламын», — деді қала әкімі.