Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық ұстаздарға жастар тәрбиесіне қосқан еңбегі үшін құрмет көрсетілді

Астаналық ұстаздарға жастар тәрбиесіне қосқан еңбегі үшін құрмет көрсетілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ұстаздар мерекесіне орай елорданың Есіл ауданы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының филиалы қаладағы бес мектепке 50 ағаш отырғызуға арналған сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сертификаттарды табыстау рәсімі №103 мектепте өтті. Мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Балаларды оқыту мен тәрбиелеу – үлкен жауапкершілік. Педагог еңбегі – қиын да қадірлі жұмыс. Әрқайсыңыз еңбегіңіздің жемісін көріңіздер. Шәкірттеріңіз мектептің де, елдің де абыройын арттырсын», – деді Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы ұстаздарға арнаған сөзінде.

Айта кетейік, ағаш отырғызу шарасы елордада жақсы дәстүрге айналып келеді.

«Өткен жылы ауданымыздың мұғалімдері Ботаникалық баққа ағаш отырғызып, “Ұстаздар аллеясын” ашқан болатын. Ол шараны да “Таза Қазақстан” акциясы мен Ұстаздар күніне арнадық», – деді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Құралай Слямбекова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді