Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары 500 тоннаға жуық өнім әкеледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада 4-5 қазан күндері Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түліктің алуан түрін ұсынады.Астанаға жалпы көлемі 500 тоннаға жуық өнім жеткізіледі. Оның ішінде 130 тонна ет және ет өнімдері, 90 тонна көкөніс пен жеміс, 90 тонна ұн және макарон, 50 тонна бал, 35 тонна сүт өнімдері, шамамен 100 тонна басқа да тауарлар бар.Жәрмеңкеге келгендер сапалы өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сондай-ақ аймақтардан келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сауда алаңы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шара кезінде жәрмеңке орнына №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді