Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары 500 тоннаға жуық өнім әкеледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада 4-5 қазан күндері Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түліктің алуан түрін ұсынады. Астанаға жалпы көлемі 500 тоннаға жуық өнім жеткізіледі. Оның ішінде 130 тонна ет және ет өнімдері, 90 тонна көкөніс пен жеміс, 90 тонна ұн және макарон, 50 тонна бал, 35 тонна сүт өнімдері, шамамен 100 тонна басқа да тауарлар бар.Жәрмеңкеге келгендер сапалы өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сондай-ақ аймақтардан келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сауда алаңы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шара кезінде жәрмеңке орнына №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті