Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: Мердігерлер мерзімді бұзса, Алматыдағы мемлекеттік тапсырыстардан шеттетіледі

Дархан Сатыбалды: Мердігерлер мерзімді бұзса, Алматыдағы мемлекеттік тапсырыстардан шеттетіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл шілдеде №2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжінің ғимаратына қосалқы ғимарат салу аяқталуы тиіс еді. Алайда «Golden City DS» ЖШС шартта белгіленген мерзімге үлгермеді. Осыған байланысты Құрылыс басқармасы сотқа талап арыз беріп, міндетіне салғырт қараған мердігер ретінде қатысушылар қатарынан шығару және айыппұл өндіру мәселесін көтерді.

Жоба бойынша негізгі ғимаратпен галерея арқылы жалғанатын екі қосалқы нысан салу қарастырылған. Онда мультимедиялық кабинеттері бар оқу корпусы, зертхана, акт және спорт залы, асхана орналасады. Сонымен қатар стадион жаңартылып, футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары салынуда.

Алматы әкімі мерзімді бұзған мердігерлердің қала жобаларына қатыспайтынын, ал жекелеген жағдайда құқық қорғау органдары арқылы жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

«Компания бұл нысанды толық аяқтамайынша, жаңа тендерлерге қатыспайды. Қала құрылысы бақылау басқармасы мәслихат депутаттарымен бірге жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылауға тиіс. Егер заңбұзушылық анықталса, компанияны лицензиясынан айыру қажет. Сіздер нысанды қараша айының соңына дейін тапсырамыз деп уәде бердіңіздер – біз апта сайын тексеріп отырамыз», – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ қала басшысы «Алтын Бесік» шағынауданында 120 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Жобаның жүзеге асуы сыртқы инженерлік желілердің трассасын түзету қажеттілігіне байланысты созылып кеткен. Алғашқы жоспар өзгертілді, себебі қазандық ғимараты Төле би көшесіндегі жобаға кедергі келтірді. Нысанның толық аяқталуы осы жылдың қарашасына жоспарланған.

Бұдан бөлек, әкім №10 шағынауданда салынған 160 орындық балабақшаны аралады. Алматы әкімі жауапты басқармаларға мектепке дейінгі мекемені сапалы жабдықтау мәселесіне баса назар аударуды тапсырды. Балабақша барлық қажетті құжат дайын болған соң жұмысын бастайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті