Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Баспаналы болудың тиімді жолы: елордалық жас отбасы өз тәжірибесі жайлы айтты

Баспаналы болудың тиімді жолы: елордалық жас отбасы өз тәжірибесі жайлы айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада осыдан тура 5 жыл бұрын жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз алғашқы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл көптеген жастың өз пәтерін сатып алу үшін ақша жинауға мүмкіндік болды. Енді олар «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады. Жалдамалы пәтерді алғандардың бірі 32 жастағы астаналық Асқар Зұлқарнаев өз тәжірибесін егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада құрылысшы болып жұмыс істейтін Асқардың келіншегі – дәрігер.

«Мен 2018 жылы шаңырақ көтердім. Келіншегім – дәрігер, ал өзім – құрылысшымын. Үйленгеннен кейін келесі жылы осы бағдарламаға құжат тапсырдым. Нәтижесінде біз конкурстардан өттік. Сөйтіп, бізге қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйден 1 бөлмелі пәтер берілді. Оған ай сайын шамамен 5600 теңге төледік», – деді ол.

Елордалық жас отбасы жалдамалы пәтерде тұрып, өздерінің жаңа баспанасына қаражат жинаған.

«Биыл көктемде біз орталықтан «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша 2 бөлмелі пәтер сатып алдық. 48 шаршы метр пәтеріміз Бейбітшілік және келісім сарайы жақта орналасқан. Тұрғын үй кешені бізге бірден ұнады: сәулеті заманауи, орналасқан жері ыңғайлы. Бастысы бұл өзіміздің баспанамыз. Менің ойымша, екі баласы бар жанұя үшін бұл өте қолайлы жер. Үйіміздің жанында балабақшалар, мектептер, саябақтар бар. Балаларымыздың үлкені 6 жаста, биыл 1-сыныпқа барды, ал кенжесі – 1 жаста», - деді Асқар Аманғалиұлы.

Сондай-ақ ол бағдарламаның пайдасы туралы да айтты.

«Мемлекет тиімді шарттармен ипотека ұсынып отыр. Бұл бағдарлама, әсіресе, жұмыс істейтін жастар үшін өте қолжетімді. Мұнда бастысы Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы, табыс мөлшерінің шартқа сәйкес келуі қажет. Жастарға айтарым, осы мүмкіндікті қолданып үлгеріп қалыңыздар. Ал жалдамалы пәтерде тұрсаңыздар, онда бастапқы жарнаға міндетті түрде ақша жинаңыздар», - деп кеңес берді Асқар Аманғалиұлы жас отбасыларға.

Айта кетейік, бұл бағдарлама жастарға жеңілдікпен несие беруді ұсынады. Несиенің мөлшерлемесі – жылдық 5 пайыз, бастапқы жарна – 10 пайыз. Ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті