Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бұл – жас отбасыларға үлкен көмек»: Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасы туралы айтты

«Бұл – жас отбасыларға үлкен көмек»: Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасы туралы айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Елорда жастары» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген шарттармен баспана алуға жол ашып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында баспаналы болғандардың бірі – 30 жастағы елорда тұрғыны Әлібек Сенбайұлы.

«Бағдарлама туралы әлеуметтік желіден көріп қалдым. Оның шарттарымен танысқан соң, өз құжаттарымды тапсырып көрмек болдым. Қажетті анықтамаларды онлайн алу мүмкіндігі болғандықтан, өтініш беру процесі аса қиындық тудырған жоқ. Осылайша бағдарламаға ілігіп, 2020 жылы 42 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерге қол жеткіздік», – дейді ол.Екі баланың әкесі Әлібек Астанадағы құрылыс компанияларының бірінде геодезист болып жұмыс істейді. Ол жалдамалы пәтердің бағасы өте қолжетімді болғанын атап өтті.«Біз пәтер үшін коммуналдық төлемдерді қосқанда ай сайын 15 мың теңге шамасында төледік. Бұл нарықтағы бағалармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Елордалық жастар үшін бұл өте тиімді шешім. Себебі Астанада жалдамалы пәтерде тұрып, бір мезетте жеке үйге ақша жинау оңай емес», – дейді ол.

Елорда тұрғыны жалдамалы баспана мерзімі аяқталғаннан кейін өз үйін сатып алған.

«Жалдамалы пәтерде тұрған кезімізде алғашқы жарнаны жинап үлгердік. Кейін «Елорда жастары» бағдарламасының қатысушыларына «Отбасы банк» арқылы ипотека алу мүмкіндігі берілетінін білген соң, тағы да қажетті құжаттар жинап тапсырдым. Нәтижесінде, маған ипотека мақұлданып, үш бөлмелі пәтердің иесі атандым. Бұл бағдарлама жас отбасыларға үлкен көмек деп санаймын. Қазіргі кезде баспанаға бастапқы жарнаны жинау оңай шаруа емес. Ал бұл жобада пәтерге қаржы жинауға 5 жыл уақыт беріледі. Бұл жеткілікті уақыт деп есептеймін», – дейді ол.

Айта кетейік, «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы осыдан бес жыл бұрын іске қосылған. Бұл жоба елордада жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін баспанамен қамтуды көздейді. Бағдарлама аясында білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау, полиция және басқа да мемлекеттік салаларда еңбек етіп жүрген, жасы 35-ке толмаған жастарға басымдық беріледі.Бағдарламаға қатысу үшін Астанада тұрақты тіркеуде болу, соңғы бес жылда тұрғын үйдің болмауы және тұрақты табыстың болуы талап етіледі. Толық ақпаратты zhilfond.kz сайтынан немесе Тұрғын үй қорының ресми әлеуметтік желі парақшаларынан алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті