Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Елорда жастары»: астаналық жастар бағдарлама бойынша баспаналы болып жатыр

«Елорда жастары»: астаналық жастар бағдарлама бойынша баспаналы болып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астаналық жастарға тиімді шарттармен баспаналы болуға көмектесетін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Астана тұрғыны Саян Шәкенов осының арқасында отбасының қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Саян энергетика саласында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. 2019 жылы ол отбасымен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысып, берілген пәтерде бес жыл тұрды.

«Ол кезде жаңадан сәбилі болып едік, пәтер жалдап тұрып жүрдік. Сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімінде болғандықтан, бағдарламаға қатысып көрмек болдым. Барлығы онлайн режимде болды – құжаттарды қашықтан тапсырып, іріктеуден өттік. Осылайша бес жыл жалдамалы баспанада тұрдық. Осы уақыт ішінде біраз ақша жинап алдық», - дейді Саян Шәкенов.

2024 жылы отбасы «Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, мақұлданды. Саянның тұрақты жалақысы, жақсы несие тарихы және зейнетақы жинақтары іріктеуден алғашқылардың бірі болып өтуіне мүмкіндік берді.

«Қаражатымның бір бөлігін «Отбасы банкке» аудардым, оған қоса өз жинағым да болды. Осының бәрі бізге ипотека алуға көмектесті. Бағдарламаның арқасында өз пәтерімізді алдық. Жас отбасы үшін ең өзекті мәселелердің бірі – пәтер сатып алу. Осы қиындықты шешу үшін мемлекет жастарға керемет мүмкіндік беріп жатқанына өте қуаныштымыз», - деді ол.

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша жастарға жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп жатыр.Несиенің максималды сомасы – 20 млн теңгеге дейін, бастапқы жарна – 10%, несие мерзімі – 19 жылға дейін. Бағдарламаға қатысушылар баспананы жаңадан немесе жылжымайтын мүлік нарығынан сатып ала алады. 2023 жылдың наурыз айынан бастап қатысудың жас шегі 34 жасқа дейін ұлғайтылды, бұл бағдарламаға көбірек жас мамандардың қатысуына мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан бері жалға алу шарттары жарамды 778 жас астаналық несиелеу рәсімінен өтуге жіберілді. Сәуір айының басында олардың 370-і төлем қабілеттілігін растаса, 200 қатысушы баспана иесі атанды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты