Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасының мүмкіндіктерін айтты

Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасының мүмкіндіктерін айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Жұмыс істеп жүрген жас мамандар мен отбасылар үшін тұрғын үйге қол жеткізу оңай емес. Осы түйткілді мәселені шешуге бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Елорда жастары» бағдарламасы. Бұл бастама елордада еңбек етіп жүрген жастарға баспана алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында баспаналы болғандардың бірі – 34 жастағы елорда тұрғыны Самат Авкубаев. Ол бағдарлама туралы алғаш рет жаңалықтардан естіген.

«2019 жылы «Елорда жастары» бағдарламасы туралы жаңалықтардан естідім. Әрі қарай толық ақпаратты интернеттен іздеп, бағдарлама туралы ақпарат алдым. Оның шарттарымен танысқан соң, қажетті құжаттар жинай бастадым. Өтінім тапсыру процесі қиын болған жоқ. Барлық құжатты бағдарламаның сайтына жүктеп, жұбайымыз екеуміз бір ай конкурс нәтижесін күттік», - дейді ол.

Самат Авкубаев елордадағы «Астана-РЭК» мекемесінде жетекші инженер болып жұмыс істейді. Ол 2020 жылы жұмыс істейтін жастарға арналға бағдарлама арқылы жалдамалы бір бөлмелі пәтерде тұру құқығына ие болған.

«Бағдарлама бойынша жалдамалы пәтерге ие болғандар тізімі онлайн жарияланды. Тізімнен өз атымды көргенде қатты қуандым. Біз сатып алу құқығынсыз жалдамалы бір бөлмелі пәтерде бес жыл бойы тұру құқығына ие болдық. Ол пәтерге 2020 жылы 19 қаңтарда көштік. Айына пәтер үшін 6500 теңге төледік. Коммуналдық шығындар бөлек есептелді, сонымен айына шамамен 16 мың теңге шықты. Үйімізге интернет қосқан соң, ай сайынғы төлем 20 мыңнан асты», - дейді ол.

Елорда тұрғынының сөзінше, бұл бағдарлама жастарға баспанаға қол жеткізу жолында алғашқы қадам жасауға жол ашады.

«Бүгінде үш баланың әкесімін. Сондықтан да бұл бағдарлама әлі үй алмаған жастарға, біз сияқты жас отбасыларға үлкен көмек деп айтар едім. Балаларымыз болса да, бізге 5 жыл ішінде ақша үнемдеп, болашақ үйімізге қажетті бастапқы жарнаны жинауға мүмкіндік берді. Келісімшарт бойынша жалдамалы пәтерде тұру уақыты аяқталған кезде «Елорда жастары» бағдарламасының қатысушылары «Отбасы банк» арқылы ипотекаға үй ала алатынын естідік. Оған да қатысып көруге бел будық. Бірақ ол жерде де біздің құжаттарымызды, несие тарихымызды тексерді. Кейін ипотека мақұлданып, екі бөлмелі пәтер алдық. Қазір жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жақын уақытта өз баспанамызға көшеміз», - дейді Самат Авкубаев.

Айта кетейік, елордада осыдан бес жыл бұрын алғаш рет жұмыс істейтін жастарға арналған «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы бастау алған.

Бес жылдық жалға берілетін баспана бағдарламасы аясында жастарға, яғни білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау, полиция және басқа да салаларда жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтарға басымдық беріліп келеді.

«Елорда жастары» бағдарламасы аясында Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүліктің болмауы және тұрақты табыс көзі болуы шарт.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты zhilfond.kz сайтында және Тұрғын үй қорының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы білуге болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады