Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Алматыда көгалдандыру жұмыстары күшейтілді

«Таза Қазақстан»: Алматыда көгалдандыру жұмыстары күшейтілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінде Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала күніне орай өткен сенбілікке 6 мың тұрғын және 178 техника жұмылдырылып, 1,5 мың текше метр қоқыс шығарылды.

Қоқысты бөлек жинау жүйесі жолға қойылды: әкімдік жанындағы жобалық кеңсе аясында қалаға 65 фандомат орнатылды. Олардың көмегімен 176 мың пластик бөтелке және 45 мың алюминий банка жиналды. Жиналған қаражат «Аралды құтқару» қорына аударылды. Ал «Мейірімді қақпақша» акциясына 216 мектеп пен 194 балабақша қатысып, барлығы 1,26 миллион қақпақ тапсырды.

«Жасыл аула» бағдарламасы жалғасуда: көктемде тұрғындарға 1,3 мың көшет берілді, қазір аулаларға ағаш алуға өтініш қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.

Қала аудандарында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Әуезов ауданында 971 аулаға қызмет көрсетіліп, 35 мың ағаш санитарлық мақсатта кесілді, сондай-ақ 2025 жылы 28 жаңа техника алынған. Түрксіб ауданында 486 көше тазартылып, үш ауысымды кесте енгізілді, 57 қоқыс орнына камера орнатылды. 2025 жылы сквер, ойын алаңы және автосуару бойынша 32 жоба жүзеге асырылды.

Ең бастысы – акцияға қатысу ғана емес, отырғызылған көшеттерге күтім жасап, өсімдіктің ерекшелігін ескеру екенін қала әкімі ерекше атады.

«Іс-шараны тек өткіздік деп қана қоюға болмайды. Әр тұрғын алған көшетіне дұрыс қарап, қаланың көгалдануына үлес қосуы қажет. Көгалдандыру кезінде өсімдіктердің сыртқы үйлесімін ғана емес, табиғи ерекшеліктерін де ескеру маңызды. Газонға судың аз мөлшері жеткілікті болса, бұталарға көбірек қажет. Егер осыны елемесек, не газон, не бұталар қурап қалады. Соның салдарынан артық шығын шығып, қаланың көрінісі де бұзылады», – деді Дархан Сатыбалды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды қайта өңдеп, дамытуға және тұрғындарды қаланы көріктендіру ісіне тартуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті