Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кендірлідегі су тұщыту зауытының алғашқы желісі іске қосылды

Кендірлідегі су тұщыту зауытының алғашқы желісі іске қосылды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов және мұнай-газ саласының ардагерлері Кендірлі теңіз жағалауындағы Тоқмақ мүйісінде орналасқан су тұщыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған кәсіпорында 30 мамыр күні құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосу және жөндеу кезеңі басталды. 9 шілдеде тұщытылған судың толық технологиялық циклі іске қосылып, теңіз суын тұщыландыру бойынша өндірістік желіні тексеру және жуу жүргізілді.

Қазіргі таңда тәулігіне 12 500 текше метр су өндіретін алғашқы желі сәтті іске қосылды. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша судың сапасы санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сай. Көпсатылы тазартудан және тұщытудан өткен су Жаңаөзен қаласының орталық су тарату торабына ұзындығы 100,7 шақырымды құрайтын жаңа магистралды құбыр арқылы жеткізілді.

Жаңа зауытта Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай және ҚМГ басшысы А.Хасенов тұщытылған теңіз суының дәмін татып көрді.

Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт биыл қазан айының соңына дейін толық өндірістік қуатына көшіп, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, аталған нысан «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және жалпы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға елеулі ықпал етеді.

Айта кетейік, бұл стратегиялық маңызы зор ірі жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Жоба толық іске қосылғанда 91 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде мұнда 650-ге жуық адам жұмыс істеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті