Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль алды

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 келі) алтын, Тоғжан Төлебай (70 келіден жоғары) күміс алса, Ерасыл Болатбек (81 келі), Ұлдана Қожаназарова (70 келі), Ердәулет Жұмабай (90 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұдан бұрын 11 қыркүйекте ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 келі) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) күміс медаль алды.

Ал Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (40 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі) және Жанайым Маратбек (52 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.
Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 21 елден 200-ге жуық татами шебері бақ сынауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті