Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция есірткі сақтаудың 7 дерегін анықтады

Түркістан облысында полиция есірткі сақтаудың 7 дерегін анықтады
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында “Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде полицейлер бір апта ішінде есірткіні сақтау мен тасымалдауға қатысты 7 деректі әшкереледі. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 20 келіден асатын есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Түлкібас ауданындағы Жамбыл облысымен шектес бекетте тәртіп сақшылары Кентау қаласының тұрғыны айдаған Toyota автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден 5 келіден артық марихуана салынған пакет табылды. Бұдан бөлек, Toyota минивэнін тексеру барысында Шымкент қаласының тұрғынынан 10 келіден астам есірткі анықталып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынып, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, “Қарасора – 2025” іс-шарасының басты мақсаты – есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өсіру деректерін анықтау, олардың жолын кесу және құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады