Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордадағы өндірістік кәсіпорындарда туристерге экскурсиялар өткізілмек

Елордадағы өндірістік кәсіпорындарда туристерге экскурсиялар өткізілмек
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорда туризмінің әлеуетін дамыту және өндірістік туризмді танымал ету мақсатында «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы қаладағы өндірістік кәсіпорындарда экскурсиялар ұйымдастыру жобасын қолға алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында өндірістік кәсіпорындар елорда қонақтарына – туристерге, инвесторларға және өзге де мүдделі тұлғаларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарламалар әзірлейді. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – Астананың өнеркәсіптік секторының қалыптасу тарихымен және қазіргі дамуымен таныстыру, сондай-ақ оның инновациялық және технологиялық әлеуетін көрсету.Қаланың алты кәсіпорны өндірістік экскурсияларды ұйымдастыру бойынша оқыту семинарынан өтті. Олардың қатарында: тігін фабрикасы «Ютария», респиратор өндіретін «MFA International» зауыты, темірбетон конструкцияларын шығаратын «MODEX» зауыты, парфюмерлік өнімдер шығаратын «Аромат» кәсіпорны, жол және көпір қоршауларын өндіретін «СтальЦинк» зауыты және Астана электротехникалық зауыты «АЭТЗ» бар.Кәсіпорындар экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелерімен, өндірістік нысандарда туристерді қабылдау стандарттарымен және үздік халықаралық тәжірибелермен танысты.

Сонымен қатар, жоба аясында қаладағы туристік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Талқылаудың негізгі тақырыбы – өндірістік экскурсияларды қамтитын кешенді туристік пакеттерді қалыптастыру болды.Бұндай ынтымақтастық бизнес пен туроператорлардың күшін біріктіріп, бәсекеге қабілетті туристік өнімдер жасауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті