Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанаға тәжірибе алмасу үшін шетелдік дәрігерлер мен медагенттер келді

Астанаға тәжірибе алмасу үшін шетелдік дәрігерлер мен медагенттер келді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанаға халықаралық делегация құрамында дәрігерлер мен медагенттер келді. Топ құрамында Қытай, БАӘ, Үндістан, Малайзия және Индонезия елдерінен келген тәжірибелі дәрігерлер, сарапшылар және медициналық инфлюенсерлер бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Медициналық мамандарға арналған ақпараттық тур елорда әкімдігінің және Astana Tourism туризмді дамыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, инфотурдың басты мақсаты – Қазақстанда медициналық туризмді дамыту. Айта кетейік, 2024 жылы Астанада шамамен 4,5 мың шетелдік қонақ медициналық көмек алған. Олардың ішінде онкология, стоматология, кардиохирургия, нейрохирургия, репродуктивті медицина және чекап қызметтері ең танымал бағыттарға айналған.

Соңғы 15 жылда Астанада науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін медициналық орталықтардың саны айтарлықтай артты.Делегация халықаралық стандарт Joint Commission International (JCI) бойынша сертификатталған елорданың жеті клиникасына барады. Сонымен қатар, Астанада олар репродуктивті медицина мен ЭКО орталықтарының, жетекші пластикалық хирургия және премиум-сыныптағы стоматология клиникаларының, балаларды оңалту орталықтарының және сауықтыру мекемелерінің жұмысымен танысады.Инфотур халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып, Қазақстанның Орталық Азиядағы жоғары технологиялы әрі қолжетімді медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті