Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Енді болашағымызды алаңсыз жоспарлай аламыз» – астаналық тұрғын «Елорда жастары» бағдарламасы туралы айтты

«Енді болашағымызды алаңсыз жоспарлай аламыз» – астаналық тұрғын «Елорда жастары» бағдарламасы туралы айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада жастарға тиімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік беретін «Елорда жастары» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Осы бағдарлама аясында баспаналы болған Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқытушысы Балнұр Мамырбаева «Елорда жастары» туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы Балнұр мен жұбайы бес жыл уақытқа жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтер алған. 2025 жылы бұл үйді босатуы қажеттігін білген олар мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкін тетіктерін алдын ала зерттеуге кіріскен.

«Сондықтан ертерек дайындала бастадық, нұсқаларды қарап, шарттарын салыстырдық. Ай сайынғы төлемдері қолжетімді әрі тиімді бағдарламаны таңдағымыз келді», – дейді астаналық тұрғын.

Ерлі-зайыпты әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды жіті қадағалап, үй чатында бағдарламаның шарттарын талқылап, пайыздық мөлшерлемелерді салыстырған, мамандардан кеңес алып, өздеріне ең қолайлы ипотекалық бағдарламаға тоқталған.

«Қаржылық жағын күйеуім қадағалады. Ол бухгалтер болғандықтан, бәрін ұсақ-түйегіне дейін есептеп шықты. Біз үшін ай сайынғы төлемдерді уақытылы енгізу аса маңызды екенін түсіндік», – дейді Балнұр Мамырбаева.

Олар баспаналы болуды көздеген жастарға мынадай кеңес береді: алдын ала жинақ бастау және бірнеше жинақ шотын ашып, мемлекеттен көбірек сыйақы алу.

«Біз ай сайын қаражат жинадық. Жыл соңына қарай көбірек қаржы салып, мемлекеттік сыйлықты барынша алуға тырыстық. Бұл стратегия шынымен көмектесті», – деп бөлісті Балнұр.

Несие мақұлданған соң, отбасы екінші нарықтан үш бөлмелі пәтер сатып алды.«Біз тек оң жағалауды қарастырдық, себебі ата-анамыз осында тұрады, әрі қолайлы. Ал екінші нарықтағы баспананы әдейі таңдадық, себебі жөндеу жұмысына кететін уақыт пен шығыннан қашқымыз келді. Күйеуім күні бойы жұмыста, ал мен балалармен үйде боламын», – дейді астаналық тұрғын.Балнұр Мамырбаеваның айтуынша, ең бастысы – қорықпай әрекет ету: • алдын ала ақша жинау және жинақ шоттарын ашу; • ресми дереккөздерден жаңалықтар мен бағдарламаның шарттарын қадағалау; • құжаттарды уақытында дайындап, менеджерлермен кеңесу; • қаржыны дұрыс жоспарлап, артық несие алмау.

«Қазір бізде тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім бар. Болашаққа еркін жоспар құрып, өз үйімізде жайлы өмір сүре аламыз. Осындай мүмкіндік бергені үшін «Елорда жастары» бағдарламасына алғыс айтамыз», – деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, «Елорда жастары» бағдарламасы Астанадағы жас мамандарға баспана алу үшін жеңілдетілген шарттар ұсынуды көздейді. Бағдарламаға елордада жұмыс істейтін, жасы 35-тен аспаған азаматтар қатыса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті