Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйым төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичпен келіссөздері барысында бұрын белгіленген бағыттар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Активтерді қайтару мен қаржылық барлаудың тиімділігін арттыруды қоса алғанда, кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен әрекет тетіктері қаралды.

Жером Бомон Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады және серіктестікті дамытуға дайын екенін білдірді.

Олжас Бектенов «Эгмонт» тобының қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі халықаралық платформа ретіндегі маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның кірістерді заңсыз шығаруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарға бейілді екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Анықтама: «Эгмонт» тобы – әлемнің 182 юрисдикциясының халықаралық бірлестігі. Ұйым өз мүшелеріне арнайы қорғалған байланыс арнасы арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігін ұсынады. 2023 жылдан бастап Қазақстан «Эгмонт» құрылымында өңірлік өкіл қызметін атқарады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті