Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында 1 қыркүйекте 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Маңғыстау облысында 1 қыркүйекте 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Маңғыстау облысында бес жаңа мектеп ашылды. Оның төртеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынса, біреуі демеушілердің қолдауымен бой көтерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа білім нысандарының бірі – Бейнеу ауданы Сам ауылындағы 300 орындық мектеп. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында облыс әкімі жиналғандарды білім күнімен құттықтап, жаңа мектептердің өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекет басшысы білім саласын дамытуға әрқашан айрықша көңіл бөледі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған жаңа мектептер – осы қамқорлықтың нақты нәтижесі. Президенттің тапсырмасымен салынған заманауи білім ордалары шалғайда жатқан ауылдарға да жетіп, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл білім ордасында шәкірттердің жан-жақты дамуына, мұғалімдердің шығармашылықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Осы шаңырақтан түлеп ұшатын түлектер еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де отаншыл азамат болады деп сенемін. Баршаңызды білім күнімен құттықтаймын, жаңа оқу жылы сәтті әрі табысты болсын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сам ауылындағы мектепте қазіргі таңда 151 оқушы білім алуда, 40 педагог еңбек етеді. Мектепте 27 оқу кабинеті, 18 қосымша бөлме, химия, биология, информатика, робототехника, STEM, өнер және музыка сыныптары қарастырылған. Сонымен қатар логопед пен психолог кабинеттері, спорт және акт залы, асхана, кітапхана, шеберхана, медициналық бөлме мен мұражай бар.

Бұдан бөлек, жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының «Рауан» шағын ауданында – 300 орындық, Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы «Самал» шағын ауданында – 1200 орындық, Бейнеу ауылында – 600 орындық және Түпқараған ауданының Сайын-Шапағатов ауылында демеушілердің қолдауымен 1200 орындық мектеп ашылды. Бұл нысандардың іске қосылуы Мұнайлы мен Түпқараған аудандарында үш ауысымды оқытуды толықтай жойылып, Бейнеу ауданындағы бір апатты мектептің мәселесін шешіп отыр.
Жалпы, жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 157 мектеп жұмысын бастады. Өңірде 213 мыңнан астам оқушы білім алуда, олардың 19 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Сонымен қатар оқу жылының алғашқы тоқсанында тағы бес жаңа мектеп пайдалануға берілмек.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті