Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция тұрғынның 32 млн теңгеден астам қаражатын сақтап қалды

Алматыда полиция тұрғынның 32 млн теңгеден астам қаражатын сақтап қалды
Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция ірі алаяқтықтың алдын алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі алаяқтықтың жолын кесіп, интернет-алаяқтардың құрбаны болған азаматтың 32 миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды. Жедел іс-шаралар барысында “Киберпол” қызметкерлері қоғамдық орында күдік тудырған ер адамға назар аударған. Ол бетперде тағып, қара көзілдірік киіп, сөмке асынып жүрген. Тексеру кезінде оның сөмкесінен 27 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша табылды. 

Белгілі болғандай, ұсталған азамат алаяқтарға ақша жеткізуші — дроппер рөлін атқарған. Жедел уәкілдер, бұл қаражатты күдіктіге бірнеше күн бойы “арнайы іс-шараға” қатысып жатырсың деп сендірілген әйел адам бергенін анықтады. Әйелге бейтаныс адамдар қоңырау шалып, ешкімге тіс жармауды және ақшаны “қауіпсіз шоттарға” аударуды талап еткен. Полиция қызметкерлері әйелдің үйіне барғанда, ол есік ашпаған. Алайда, кейінірек оны банк бөлімшесінен кездестірген. Сол жерде жедел уәкілдер әйелдің алаяқтарға 4 миллион теңге шамасындағы қаражатты аударып үлгергенін анықтады. Полицейлер мен банк қауіпсіздік қызметінің шұғыл әрекетінің арқасында бұл сома қайтарылды.

— Бұл жағдай біздің қызметкерлеріміздің кәсіби шеберлігі мен қырағылығының арқасында болды. Оперлік қырағылық күмәнді жағдайды дер кезінде анықтап, алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қоюға және ірі көлемдегі қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Тағы да азаматтарды ескертеміз: бейтаныс қоңырауларға сенбеңіздер, ақша аударуға асықпаңыздар. Күдік туындаған жағдайда, бірден полицияға хабарласыңыздар, – деді, Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев. 

Жедел уәкілдер мен банк қызметтерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде алаяқтар иемденбек болған 32 миллион теңге көлеміндегі қаржы толықтай сақталып қалды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша жедел және тергеу шаралары жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті