Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді

Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес құрамына қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғам, мәдениет қайраткерлері кіреді. Отырыста білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар мен жеке балалар орталықтарында қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың тамақтануын ұйымдастыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің келешегі туралы сөз қозғалды.Министр өз сөзінде қоғамдық кеңестермен диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Біз өңірлерде мәслихат депутаттарымен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп келеміз. Жергілікті мәселелерді ашық талқылау – білім сапасын жүйелі түрде арттыруға жасалған нақты қадам. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда сіздердің көмектеріңізге сүйенеміз. Бірлескен жұмыс проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешуге де мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір баланың әлеуетін толық ашуға қолайлы әрі тең жағдай жасау. Бұл дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ұлттық басымдық», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Отырысқа қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Ашық диалог форматы қоғамдық пікірді естіп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Айта кету керек, мұндай тәжірибе жүйелі түрде жалғасып, қоғамдық кеңестермен кездесулер еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті